Тараз Химиялық паркі» АЭА аумағында 9 жоба іске асырылуда

Тараз Химиялық паркі» АЭА аумағында 9 жоба іске асырылуда

«Тараз Химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 қараша №426 «Тараз Химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Жарлығына сәйкес құрылды. АЭА қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында заманауи, экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдана отырып құны жоғары химиялық өнімдердің жаңа өндірісін қалыптастыру. Жұмыс істеу мерзімі 2037 жылғы 1 қаңтарға дейін айқындалған.

АЭА аумағы 504,9 га құрайды, оның 138,8 га АЭА қатысушыларына бөлінген. Инфрақұрылымды дамытуға шамамен 37,2 млрд. теңге қарастырылған. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, іске қосу-жөндеу шаралары жүргізілуде.

Инвестиция көлемі-28,8 млрд. теңге, өндіріс көлемі 2,7 млрд. теңге, 243 жұмыс орны құрылды.

Қазіргі уақытта АЭА аумағында бір жоба іске қосылды - «ХИМ – плюс» ЖШС - "Үшхлорлы фосфор және глифосат өндірісі" жобалары бойынша интеграцияланған химиялық кешен.

Осылайша, 623 млрд.теңге сомасына 9 жобаны іске асыру жүргізілуде. Олардың ішінде "QADAM Industries" ЖШС - "Өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарының өндірістік кешені", "RecordCompanyLtd" ЖШС - автобустар мен жүк автомобильдеріне арналған тұтас тіректі қаңқалы радиалды шиналар өндірісі бойынша зауыт құрылысы (TBR), "KAZ Chemicals" ЖШС - Даф/МАФ минералды фосфор тыңайтқыштарын өндіру, "QazsugarCo" ЖШС - "Қант зауытын салу", "FutureNanoTechnology" ЖШС - лак - бояу өнімдерін өндіру, "Prosulfite" ЖШС - натрий метабисульфитін өндіру, "Farm Frites" ЖШС-фри картобын өндіру.

Өткен жылдың желтоқсан айында қант зауытын салу және қант өндіру, сондай-ақ картопты қайта өңдеу және фри картобын өндіру (қайта өңдеу және консервілеу) бойынша қызметтің басым түрлерінің тізбесі кеңейтілді.

Жоспар бойынша қант зауыты тәулігіне 8 000 тонна қант қызылшасын өңдейтін болады. Бүгінгі таңда қатысушыға АЭА аумағында 64 Га жер учаскесі берілді. Жобаның ТЭН әзірленді, "Мемсараптама" РМК қорытындысы алынды. Сондай-ақ, жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

"Фри картобын өндіру зауытының құрылысы" жобасы бойынша жобаның ТЭН-і әзірленді және ЖСҚ әзірленуде. АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу сатысында. Әлеуетті қатысушының құжаттамасын талдау жүзеге асырылады.