
Биыл 26-27 қазан аралығында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова сапар аясында Алматы қаласы мен Алматы облысындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарға барды.
Бірінші күні вице-министр сорғылардың, желдеткіштердің, электр қозғалтқыштардың, компрессорлардың және т.б. кең номенклатурасын өндіретін және жеткізетін «КЕЛЕТ» АҚ кәсіпорнының қызметімен танысты. Кәсіпорын қазірдің өзінде Индустрия 4.0 элементтерін қолданып жатыр. Қазақстандық газ қазандықтарын өндіру бойынша роботтандырылған желі табысты жұмысын жалғастырып жатыр. Бүгінде бүкіл ел бойынша экономиканың барлық салаларының 15 мыңнан астам кәсіпорны өнімді тұтынады. Ресейде және ТМД-ның басқа да елдерінде де осы жағдай.
Содан кейін «Казлегпром-Алматы» ЖШС нысанына ат басын бұрды. Кәсіпорын Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің тігін және аяқ киім саласының жоғары технологиялық өндірістік кәсіпорнының бірі. Биыл 9 айда жүзеге асырылу көлемі 3 667 млн.теңгені құрап, былтырғының ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,5% - ға артты.
Одан кейін вице-министр «ИТП» ДКҚ кеңсесіне барды. Онда инновациялық кластердің қызметі мен дамуының негізгі бағыттары талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша технологиялық жаңғыртудың және өнеркәсіп саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
Келесі күні вице-министр Алматы облысының кәсіпорындарына барды. Осылайша, «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС (одан әрі – «АВЗ» ЖШС) өнеркәсіптік өкілдігі зауыт қызметімен таныстырды. Зауыт өндірісті цифрлық жаңғырту аясында қазіргі уақытта жалпы құны 59 млн.теңге болатын 4 жобаны іске асырып жатыр. Әрі Қазақстанның азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс қажеттілігі көлемінің 70% - на дейін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын өзін жобалау, құрылыс, монтаждау және пайдалану ұйымдарының жабдықтарын жеткізу бөлігінде ғана емес, есептеу, іріктеу ғылыми-техникалық көмек көрсетуде өзін серіктес ретінде көрсетті.
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС сапары аясында өндірістік аймақ және зертхана бойынша экскурсия өткізілді. Бұл компания дәрі-дәрмектерді өндіреді және сатады. 2015 жылы тиісті өндірістік практика (GMP) стандарттарына сәйкес келетін фармацевтикалық зауыттың құрылысы аяқталды. Валидация және GMP сертификатын ресми алу бойынша жұмыстар басталды. Кәсіпорындағы еңбек өнімділігі жылына 1,5 млрд. таблетканы / капсуланы құрайды.
Кездесу қорытындысы бойынша «Индустрия 4.0» элементтерін енгізіп жатқан кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы және әзірленіп жатқан шаралары туралы ұсыныстар айтылды. Өндірістік процестерді цифрландырудың міндеттері мен проблемалары белгіленді. Аталған іс-шара өнеркәсіпті цифрландыру деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік қолдауды жақсартуға бағытталған кезекті маңызды қадам болды.