
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында өнеркәсіптік құрастыру туралы қолданыстағы келісімдерге қатысты шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратылуда.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2010 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен "СарыарқаАвтоПром" ЖШС арасында 8 жыл мерзімге 8703 ТНВЭД коды бойынша моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойылғанын хабарлайды. Осылайша, Келісімнің қолданылу мерзімі 2018 жылғы 25 маусымда аяқталды.
Шанақты дәнекерлеу және бояу жөніндегі операцияларды қоса алғанда, өнеркәсіптік құрастыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелерді орындау мерзімі 2017 жылғы 25 маусымда (келісімге қол қойылған сәттен бастап 84 ай) белгіленген, бұған жабдықты пайдалануға беру актілері және ретке келтірілген CKD-өндіру процесі дәлел бола алады.
Кәсіпорын өнеркәсіптік құрастыруды ұйымдастыру бойынша міндеттемелерін талап етілетін мерзімнен бұрын - 2014 жылғы 24 ақпанда орындады.
Келісім жасасу кезінде қолданылған 8.1-тармаққа сәйкес, келісім 8 жылдық мерзімге жасалады, кейін келісімнің бастапқы қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 10 жылдан аспайтын кезеңге ұзарту мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, қж. сәйкес 2) "Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің аумақтарында "моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру" ұғымын қолдану шарттары туралы" Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 72 шешімінің (бұдан әрі - 72 шешім) 1 – тармағы, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары арасындағы моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдердің шекті қолданылу мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанда белгіленген.
Осының негізінде, "СарыарқаАвтоПром" ЖШС тарапынан барлық міндеттемелердің орындалуын ескере отырып, Келісімнің қолданылу мерзімі жоспар-кестеге сәйкес орындалатын оқшаулау деңгейі бойынша қосымша міндеттемелермен 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.
72 шешімнің 2 тармағының екінші абзацының ережелерін басшылыққа ала отырып, Министрлік, "СарыарқаАвтоПром" ЖШС және "Hyundai Trans Kazakhstan" ЖШС арасында 8703 ТН ВЭД ЕАЭО тауар позициясының моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы 2019 жылғы 25 желтоқсандағы көпжақты келісім жасалды. Көрсетілген көпжақты Келісімнің қолданылу мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
Бұл ретте, "Hyundai Trans Kazakhstan" ЖШС кәсіпорны шанақты дәнекерлеу және бояу операцияларын қоса алғанда, өзінің өнеркәсіптік құрастыруын ұйымдастыруға тиіс болды. Ағымдағы жылдың 15 қазанында кәсіпорынның ресми іске қосылуы кезінде кәсіпорын өнеркәсіптік құрастыруды ұйымдастыру бойынша міндеттемелерін орындады.
Өз кезегінде Министрлік ел азаматтарын тек ресми ақпараттарға сенуді сұрайды. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін адамдар ҚР ҚК 274-бабына сәйкес "Жалған ақпарат таратқаны үшін" қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін естеріңізге саламыз.