
«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы Құрық портының паром кешенін салудың екінші кезеңін іске асыруда, қуаты 2 млн. тонна болатын автомобиль құрамдас бөлігінің құрылысы басталды. Атап айтқанда, қорғаныс гидротехникалық құрылыстарды, түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу, пирсті, кеден және шекара бақылау нысандарын, кемелер қозғалысын басқару жүйесін, сондай-ақ басқа өндірістік және қосалқы нысандарын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылысты 2018 жылы аяқтау жоспарлануда.
Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарында 200-ден астам жұмысшы мен 83 бірлік техника жұмылдырылған.
Жалпы, 2020 жылға қарай Қазақстан теңіз порттарының өткізу мүмкіндігін 26 млн. тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.
Анықтама:
2016 жылғы желтоқсанда Құрық портында қуаты 4 млн. тонна болатын теміржол паром кешені іске қосылды. Ол арқылы бүгінгі күні 500 мыңнан астам жүк ауыстырып тиелген. Жылдың соңына дейін осы терминал арқылы 1 млн. тоннаға жуық жүкті ауыстырып тиеу жоспарлануда.