Бүгін «Астана - Үшарал» жаңа әуерейсі ашылды

Бүгін «Астана - Үшарал» жаңа әуерейсі ашылды

Алакөл курорттық аумағының көліктік қолжетімділігін арттыру мақсатында Үшарал әуеайлағынан азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшуларына дайындау бойынша жұмыстар аяқталды. Ұзындығы 2200 м болатын ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстары жүргізілді, жаңа рульдеу жолағы және 2 әуе кемесі үшін перрон салынды. Аэровокзалдың жаңа ғимараты жолаушыларды тіркеу және тексеру үшін барлық қажетті қондырғылармен жабдықталды.

Үшарал әуеайлағына бастапқыда Астанадан аптасына 4 рет жиілікпен рейстерді орындау жоспарланған. Оларды «Жетісу авиа» АҚ әуекомпаниясы орындайды.

2017 жылғы 21 шілдеде «Жетісу авиа» АҚ әуекомпаниясы бортында 22 жолаушысы бар субсидияланатын алғашқы рейсті орындады. Әуебилеттің құны субсидия есебімен бір бағытқа 16000 теңгені құрайды.