
Бүгін Сингапурдың Сауда және өнеркәсіп аға мемлекеттік министрі Доктор Ко По Кун және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Е.Хаиров EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде Сингапурдың Ұлттық күнін ашты.
Е.Хаиров Сингапурдың Ұлттық күнінің ашылуымен құттықтап, көрмеге қатысу мен «Болашақ энергияны» іздестірудегі сингапурлық тәжірибемен бөліскені үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар, ол ЭКСПО аумағында «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығын құру Сингапурлық инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашатынына, ал Сингапурлық азаматтарға қабылданған визасыз режим барлық саладағы ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Ко По Кун мырза көрмені ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті және елдің күнделікті өмірінде энергияның баламалы көздерін пайдаланудағы сингапурлық тәжірибемен бөлісті. Ко По Кун мырзаның айтуынша Сингапурда сыртқы энергияны пайдаланбайтын, оны өзі шығаратын және өз қажеттілігін түгел қамтамасыз ете алатын ғимараттар бар.
Сонымен бірге ол Қазақстан Сингапур үшін әлеуетті және тез дамушы нарық қана емес, Еуразиялық экономикалық одағына шығудың негізгі қақпасы екендігін атап өтті.
«Павильонның «Small City – Big Ideas» сөздері ешқандай ресурстарсыз елдің, бүкіл әлемге кішкентай ел өзінің идеясы мен көзқарасының арқасында үлкен үлгі бола алатын Сингапурдың рухына сәйкес келеді» - деп аяқтады өз сөзін Е.Хаиров.