Ақтау теңіз портында Каспий теңізіндегі теңіз көлігі саласын одан әрі дамыту және кеме қатынасының қауіпсіздік деңгейін көтеру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Ақтау теңіз портында Каспий теңізіндегі теңіз көлігі саласын одан әрі дамыту және кеме қатынасының қауіпсіздік деңгейін көтеру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Жиын ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен ҚР Бас прокуратурасы Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп, «Каспий» жобасы шеңберінде ұйымдастырған.

Дөңгелек үстел барысында теңіз тасымалын дамыту, мұнайгаз кен орындарын игерудегі қазақстандық флоттың үлесін ұлғайту, сауда флотының бәсекеге қабілеті, Каспий теңізі қазақстандық секторындағы экологиялық және навигациялық қауіпсіздігі деңгейін көтеру, сондай-ақ теңіз көлігіндегі кадрлық әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесуде мүдделі мемлекеттік органдардың, теңіз порттары, кеме қатынасы компаниялары, мұнай кен орындарының операторлары және салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің нәтижесі бойынша теңіз көлігі саласын дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленетін болады.