2017 жылдың 27-28 шілде күндері Қызылорда облысына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі А. С. Айдарбаев жұмыс сапарымен келді.
А. С. Айдарбаев Қызылорда облысындағы жұмыс сапарын "Orda glass ltd" ЖШС-нің шыны зауыты құрылысымен танысудан бастады. Жоба құны 36,7 млрд. теңге. Зауыт пайдалануға берілгеннен кейін 226 жұмыс орнымен қамтуды жоспарлауда. Жоба қуаттылығы жылына 197 100 тонна құрайтын табақты шыныны өндіруді және өңдеуді көздейді. Жоба индустрияландыру картасына енгізілген.
Бұдан әрі, А. С. Айдарбаев «ТРИМО» ЖШС-нің үшоксид молибденін өндіру зауытының жұмыс барысымен танысты. Жоба ИИДМБ екінші бесжылдығының аясында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Аталмыш жоба қуаттылығы жылына 500 тонна үшоксид молибденін өндіретін экспортқа бағытталған жоба болып табылады. Жоба құны 871,1 млн. теңге. Зауыт пайдалануға берілгеннен кейін 50 жұмыс орнымен қамтуды жоспарлауда.
Келесі күні, 28 шілдеде Бірінші вице - министр Жаңақорған ауданында болып, «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішінің қалпына келтіру жұмыстарымен танысты, бастамашысы "Шалқия Цинк ЛТД" АҚ-ы. Аталмыш жоба индустрияландыру картасына енгізілген. Жоба құны 165 млрд. теңге. Жобаның қуаттылығы жылына 4 млн. тонна кен өндіру. Қазіргі таңда кәсіпорында 540 адам жұмыс жасайды.
Одан әрі, Бірінші вице-министр күкірт қышқылын өндіретін «СКЗ-U» ЖШС-не барды. Кәсіпорында 270-тей адам жұмыс жасайды. Жоба ҮИИДМБ-нің бірінші бес жылдығында жүзеге асырылған. Оның қуаты жылына 500 тонна күкірт қышқылын және 18 мВт электрэнергиясын өндіреді. Ағымдағы жылдың І-ші жартыжылдығында күкірт қышқылының өндіріс көлемі 275,6 мың тоннаны құрады.
Одан соң, Бірінші вице-министр Шиелі ауданында болды. Шиелі ауданында қуаттылығы жылына 1 млн. тоннаны құрайтын тампонажды цемент зауытының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жоба құны 64 млрд. теңге. Жобаның бастамашысы «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-і.
Жоба Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының аясында жүзеге асырылуда. Зауыт пайдалануға берілгеннен кейін 265 жұмыс орнымен қамтуды жоспарлауда. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген.
А. С. Айдарбаев Қызылорда қаласындағы облыстық мекемелер үйінің ғимаратында болып, қаланың сол жақ жағалауын дамытудың бас жоспарымен танысты. Бірінші кезектегі құрылыс алаңы – 500 га. Қазіргі уақытта 5 қабатты тұрғын үйлер мен 320 орындық балабақшаның құрылыс жұмыстары басталған.
Одан соң, Бірінші вице - министр Арал ауданында салынатын «Кальцийленген сода өндіру зауытының» жобасымен танысты. Жобаның қуаттылығы жылына 300 мың. тонна кальцийленген сода өндіру. Келешекте қуаттылығын 400 мың. тоннаға дейін ұлғайату жоспарлануда. Жобаның құны 87,5 млрд. теңге. Аталмыш жоба индустрияландыру картасына енгізілген. Пайдалануға берілгеннен кейін зауыт 700 жаңа жұмыс орнын ашады.
Жұмыс сапары барысында А. С. Айдарбаев атап өткендей, экономиканың өсуіне сапалы қол жеткізу үшін инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, Бірінші вице-министр тиісті мемлекеттік органдарға жоғарыда көрсетілген инвестициялық жобалар бойынша туындаған мәселелерді шешуге тапсырма берді.