45 жылжымалы медициналық кешен өңірлерге жеткізілді

45 жылжымалы медициналық кешен өңірлерге жеткізілді

Жалпы алыс өңірлердің тұрғындарына қызмет етуге арналған осындай 100 кешен жеткізу жоспарланып отыр. Соның арқасында ауыл халқы қалаларға және аудан орталықтарына бармай-ақ УДЗ, ЭКГ және рентген жасай алады.

Бүгінгі таңда "СарыарқаАвтоПром" Қостанай автомобиль зауыты 63 жылжымалы медициналық кешен жасап шығарды. Оның 45-і өңірлерге жөнелтіліп, 18 данасы жіберуге дайындалып жатыр. Қалған 37 кешен өндірісте. Оларды сынақтан өткізілген соң 2020 жылғы 22-23 қазанда жөнелту жоспарланып отыр.