
Бүгін «KAZAKH INVEST» АҚ және Италияның «Bionet SrL»компаниясының арасында өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Италия тарапы Қазақстандағы биоэнергия өндірісіне 45 млн. еуро инвестиция құюды көздеп отыр.
Қол қою шарасына ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Джиенбаев, Италияның Қазақстандағы елшісі Стефано Раваньян, «Bionet SrL» компаниясының президенті Норберто Занини және Фриули-Венеция-Джулия өңірі төрағасының кабинет басшысы Агостино Майо қатысты.
Нұрсұлтан Жиенбаевтың айтуынша, меморандум Қазақстанда органикалық қалдықтардан биоэнергия өндіру бойынша инновациялық қондырғыны қолданысқа енгізу үшін инвестиция салу жайын қарастырады. «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы «Bionet SrL» бастамаларына қолдау білдіреді және компанияның ҚР-ғы қызметі үшін қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік жасайтын болады:
«Bionet SrL» жобасы бойынша келіп түсетін шикізатты анаэробты ашыту және биогазды қалпына келтіру арқылы одан электр қуатын немесе биометан алу жолымен шикізаттың энергетикалық әлеуетін пайдалана алатын зауыт құру көзделген:
«Біздің технологиямызды қолдана отырып жұмыс істейтін зауыт қатты қалдықтарды, электрэнергиясына немесе ауылшаруашылығында пайдаланылатын тыңайтқыш өніміне айналдыру арқылы оны кәдеге жаратуға мүмкіндік береді. Осылайша, біз энергияқуатын үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы міндеттерді шешеміз», - деп түсіндірді «Bionet SrL» президенті Норберто Занини.
Меморандумға қол қою рәсімі «Expobetobe Astana» ресми бастамасы бойынша италияндық Фриули-Венеция-Джулия өңірінің «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі апталығының шеңберінде ұйымдастырылды.
Ақпарат үшін:
2017 жылдың 30 шілдесі мен 5 тамызы аралығында Фриули-Венеция-Джулия өңірі Италия павильонының аумағында«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің - «Болашақ энергиясы» тақырыбымен үндесетін, табиғи көздерден қуат өндіру бойынша өз тәжірибесін ортаға салмақ.
Өңірдің «жасыл» технология саласындағы озық зерттемелері:
Таяу жылдары төмендегі:
Бұл өңір аталған жетістіктерден бөлек, өзінің туристік әлеуетімен және күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан көне мозаика өнерімен де кеңінен танымал. Көрмеде Фриули-Венеция-Джулия Мозаика Мектебінде қолданбалы декоративтік техника негіздерін меңгеріп жүрген қазақстандық студенттер өз туындыларымен таныстыратын болады.
