«Сайпем Казахстан Филиал» «Сайпем S.p.A.» АҚ филиалына қатысты ерекше тәртіп бойынша тексеріс өткізілді

«Сайпем Казахстан Филиал» «Сайпем S.p.A.» АҚ филиалына қатысты ерекше тәртіп бойынша тексеріс өткізілді

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті 2017 жылдың 20 маусым - 28 шілде аралығында ерекше тәртіп бойынша тексерістердің бірінші жарты жылдық тізіміне сәйкес, «Сайпем Казахстан Филиал» «Сайпем S.p.A.» АҚ филиалы объектілеріне қатысты тексеріс жүргізді.

Мекеме объектілерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы тексерілді. Тексеріс кезінде Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңы, Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидасы, мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидасы бойынша заң бұзушылықтар анықталды.

Тексеріс қорытындысы бойынша «Сайпем Казахстан Филиал» «Сайпем S.p.A.» АҚ филиалы заңды тұлғасына жалпы есеппен 226900 теңге, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.