
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму бірінші-вице министрі Алик Айдарбаев «100 нақты қадам - Ұлт жоспарының» іске асырылуына арналған брифингке қатысты.
Алик Айдарбаев атап өткендей, министрлік қазақстандық өнеркәсіпті жаңғырту, жаңа индустрия қалыптастыру, транспорт-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру бойынша және құрылыс саласын дамыту жөнінде жүйелі жұмыстарды іске асыруда.
«Құрылыс саласында «бір терезе» қағидаты мен құрылысқа рұқсатнама құжатын алатын үшсатылы қағидат енгізілді. Құжаттарды алу мен жоба сызбасын келісу 40 және 60 күннен 17-6 жұмыс күніне дейін қысқартылды. »
Құрылысқа рұқсат беру тәртібі электронды түрде алынатын ескерту қағазына ауыстырылды. 2020 жылға қарай жобалық-сметалық құжаттама сараптамасының 90%-ы нарыққа беріледі»,-деді бірінші вице-министр.
Инвестиция тарту саласында Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы және экспорт тауарлары үшін өңдеу өнеркәсібіне ең кемінде 10 трансұлттық компанияны тарту жұмыстары жүргізілуде(55-56 қадамдар). Мысалы, 2015-2016 жылдары Транс ұлттық компаниялардың қатысуымен 275 млн. АҚШ доллары сомасындағы 6 жоба іске асырылды.
«Қазіргі уақытта 2,8 млрд. АҚШ доллары сомасындағы 8 жоба іске асырылу кезеңінде. Тағы 305 млн. АҚШ доллары сомасындағы 3 жоба пысықталуда. 56 қадам аясында зәкірлік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 890 млн. АҚШ доллары болатын 5 инвестициялық жоба іске асырылуда»,-деп атап өтті Алик Айдарбаев.
63-қадам ғылымды қажет ететін экономиканың негізі ретінде инновациялық кластерді дамыту бойынша 2017 жылдың соңына дейін Технологияларды дамытудың үш орталығын (Ақылды индустрия бойынша технологияларды дамыту орталығы, Жаңа материалдар мен аддитивті технологиялар бойынша технологиялардыдамыту орталығы және Ақылды технологиялар орталығы (қалалық технологиялар,Цифрлық технологиялар бойынша инкубатор) іске қосу жоспарланып отыр. Дамыған мемлекеттердің (ҚХР, Сингапур, АҚШ, Үндістан) әлемдік сәтті тәжірибесі ненегізге алына отырып, Алматыда ІТ квартал-инновациялық өсудің жаңа нүктесін құру жоспарланып отыр. Ол жерде ірі ІТ және инновациялық компаниялар орналасады.
67-қадам бойынша «Эйр астана» әуе тасымалдаушы компаниясы 2020 жылдың соңына дейін «Airbus А320neo» әуе көлігінің 10 данасын алуды жоспарлауда. 2019 жылы 2 дана Боинг 787 әуе көлігі алынады. 2019 жылы Токио мен Сингапурға, 2020жылы – Шанхай мен Нью-Йоркке әуе байланысын ашу жоспарланып отыр»,- деді Алик Айдарбаев.
Биыл қыркүйекте Қазақстан Республикасының Парламентіне «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексінің жобасы енгізілетін болады. Ол жерде келісім-шарттар жасаудың жеңілдетілген әдісін енгізу жоспарлануда.