
Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Қосағал кентіне жақын учаскеде титан-цирконий кен орындарын іздеуге арналған австралиялық «Airсore» құрғақ бұрғылау технологиясын пайдалануды іске қосу шарасы өтті.
Бұл технологияны Қазақстанға трансферттеуді австралиялық «ILUKA» тау-кен өндіру компаниясы инвестициялық жобасын іске асыру шеңберінде «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ-мен бірлесе атқарды.
Бұрғылау қондырғысын іске қосу іс-шарасына ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті «Севказнедр» өңіраралық департаментінің өкілдері, «Қазгеолгия» АҚ, «ILUKAExplorationKazakhstan» ЖШС басшылығы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Таныстырылымға қатысушыларға толық жасақталған және далалық сынаққа дайындалған «WallisAircoreD29» маркалы жаңа бұрғылау қондырғысының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері көрсетілді.
Бұрғылау жүйесі бұрғылау материалдары үлгілерін іріктеу кезінде аз қолданылғандықтан бұзылуын қамтамасыз етеді. Бұл сұйық жылжымалы құмды қоса алғанда, жұмсақ формациядағы жоғары сапалы ластанбаған үлгілерді экономикалық тиімді бағалармен алуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, бұрғылау қондырғысы көп мақсатты пайдалануға жарамды және минералды құмдарды бұрғылауға арналып әзірленген. Оның салмағы аз, орнын ауыстыруға және орнатуға жеңіл. Бұл мақсаттық жоғары өнімділікке тез қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, Aircor сынамаларды, үлгілерді басқа қоспаларсыз дәл және тез алуға, сазды және топырақты жерлерді тез бұрғылауға мүмкіндік туғызады.
«Қазгеолгия» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Қадыржан Қауылдашев мамандарды, әріптестерді және жобаға қатысушылардың барлығын маңызды кезеңнің табысты басталуымен - «Airсore» құрғақ бұрғылау технологиясының пайдалануға қосылуымен және «ILUKA» коспаниясы үшін жаңа далалық ауысымның басталуымен құттықтады. Ол мұндай технолгиялардың Қазақстанда алғашқы рет қолданылып отырғандығын және бүгінде, күмәнді пікірлерге қарамастан, инвесторлармен ынтымақса отырып, компанияның алдына қойған міндетін орындап шыққанын атап өтті.
ILUKA ExplorationKazakhstan» ЖШС Бас директоры Энтони Торнтон: «Біздің компаниямыз үшін бұл Қазақстандағы бірінші геологиялық барлау жобасы. Және бүгін біз үшін жұмыс бағдарламасының маңызды кезеңі келіп жетті. Бұрғылауды 2017 жылғы қыркүйекке дейін жүргіземіз және Солтүстік Қазақстан облысына қарай жүреміз. Біз қолданатын бұрғылау қондырғысы Австралияда минералды құм, боксит, мыс, никель, алтын және уран іздеу үшін пайдаланылады. Бүгінде учаскеде бұрғылау келешегі өте зор нәтижелер көрсетіп отыр. Компания «Қазгеолгия» АҚ-на және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреді», - деп атап өтті.
Еске сала кетелік, «ILUKA» компаниясы «Қазгеология» АҚ-мен бірлестікте 2015 жылдан бастап, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы үш учаскеде шашыранды титан-цирконий кен орындарын (ильменит, рутил, цирконий және қалайы) іздеу бойынша жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу инвестициялық жобасын іске асырады. Жобаны іске асыру мерзімі 2018 жылға дейін. Бұл жобаны ILUKA автралиялық компаниясы қаржыландырады.
Бұл учаскеде бұдан бұрын тарихи құжаттарды талдау, аэрогеофизикалық зерттеулер, камералдық жұмыстар, ревизиялық және рекогносцирлеу маршруттары, геологиялық модельдеу және бұрғылау жұмыстары жүргізілген болатын.
«ILUKA» компаниясымен «Қазгеолгия» АҚ арасында жасалған Меморандумға сәйкес, коммерциялық табу (кен орнын ашу) жағдайында «ILUKA» компаниясы кен және байыту фабрикасын салу мүмкіндігін қарастыратын болады.
2015 жылы Мемлекет басшысының тапсыруымен құрылған «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуына ықпал ету үшін минералдық-шикізат базасын толықтыру, геологиялық барлауға инвестиция мен инновациялық технологияларды тартуға бағытталған қызметті жүзеге асырады.
«ILUKA» (Автралия) әлемдегі аса ірі цирконий өндіретін және жоғары сапалы титан өнімдерін жаһандық өндіруші компания болып есептеледі.
