
Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің Көлік саласындағы уәкілетті органдары басшыларының 8-ші отырысы өтті.
Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастап барды.
Кездесу барысында Одаққа мүше-мемлекеттердің Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру жөніндегі Жол картасын дайындау, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің көлік саласындағы уәкілетті органдарының басшылар Кеңесін құру, авиациялық оқағаларды тергеу бойынша орган құру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде «Еуразиялық апта» форумын өткізу, еуразия кеңістігінде ШЫҰ мүше-мемлекеттері үкіметтерінің арасындағы келісімді пайдалану мүмкіндігімен автокөлік саласында ынтымақтастықты құру және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы теміржол көлігімен жүк тасымалдарына транзиттік тарифтерді пайдалану мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша, Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру жөніндегі Жол картасының автомобиль көлігіне қатысты келіспеушіліктер, Ресей Федерациясынының үкіметаралық келісімнің негізінде Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына кірмейтін авиациялық оқиғаларды тергеу бойынша халықаралық тәуелсіз органды құру жөніндегі бастамасы туралы Үкіметаралық кеңестің шешім жобасы келісілді. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің Көлік саласындағы уәкілетті органдарының басшылар Кеңесі туралы қағидалар жобасын қарау жөнінде, еуразия кеңістігінде ШЫҰ мүше-мемлекеттері үкіметтерінің арасындағы келісімді пайдалану мүмкіндігі мен автокөлік саласында ынтымақтастық жөніндегі мәселені Көлік және инфрақұрылым бойынша Консультативтік комитеттің автомобиль көлігі бойынша кіші комитетінің шеңберінде талқылау және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы теміржол көлігімен жүк тасымалдарына транзиттік тарифтерді пайдалану мәселесін Көлік және инфрақұрылымы жөніндегі Консультативтік комитеттің теміржол көлігі бойынша кіші комитет аясында қарастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.