Қазақстанда тұңғыш рет органикалық өндіріс саласы қызметкерлерінің сәйкестігін бағалау органы құрылды

Қазақстанда тұңғыш рет органикалық өндіріс саласы қызметкерлерінің сәйкестігін бағалау органы құрылды

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев«Қазақстанның үшінші жаңғыртуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында экономиканың жаңа драйвері ретінде ауыл шаруашылығы саласын,  әсіресе органикалық азық-түлік өндірісі мен экспортын дамыту міндетін қойды.

Бүкіл әлемде органикалық өнім нарығы жыл сайын артуда. Оны дамыту үшін Қазақстанға сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдар мен халықаралық стандарттарға сәйкес сертификатталған штаты бар сарапшы-аудиторлар қажет.

Техникалық реттеу жүйесінде «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК негізінде органикалық өнімдерін өндіру және парниктік газдардың валидациялау және верификациялау қызметкерлердің сәйкестігін бағалау органы құрылды.

Биыл ГОСТ ISO / IEC 17024-2014-на сәйкес осы салаларда сарапшы-аудиторларды сертификаттау Ұлттық аккредиттеу орталығында аккредиттеу бойынша кезеңі табысты аяқталды.

Бұл салыстырмалы түрде жаңа, тез өсіп келе жатқан және әлемге кеңінен танылған қызметкерлеріне кәсіби құзыреттілігін ресми, бейтарап және тәуелсіз мойындауына мүмкіндік беретін қызмет.

Қызметкерлердің сәйкестігін бағалау органы келесі қызметтерді ұсынады:

1. Органикалық өнімнің өндіріс процесінің сарапшылар – аудиторлар:

- Азық-түлік және өсімдік тектес жемдік органикалық өнімдерін өндіру;

- Азық-түлік және жануар текті жемшөп органикалық өнімдерін өндіру;

- Балық шаруашылығы;

- Ара шаруашылығы;

- Түйе шаруашылығы.

2. Парниктік газдардың валидациялау және верификациялаудың сарапшы – аудиторлары:

- мұнай және газ өнеркәсібі;

- энергетика;

- тау-кен және балқыту өнеркәсібі;

- көлік;

- ауыл шаруашылығы;

- химия өнеркәсібі.