«Арселор Миттал Теміртау» АҚ ТЭЦ-ПВС-те болған апат

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ ТЭЦ-ПВС-те болған апат

2017 жылғы 20 маусымдағы сағат 16.00 де «Арселор Миттал Теміртау» АҚ ТЭЦ-ПВС-те Қазандық цехының негізгі корпусында Г-Д аралығында 14-15 осінде шатырдын жабын тақтасының бұзылуы болды, сондықтан  № 5 қазанагрегаттің үстіндегі темір-бетон жабын тақтасының опырылуы болды. № 5 қазанагрегат опырылуының алдында сақтық жөндеуге шығарылды.

Тақтанын опырылуы өндіріске әсер еткен жоқ, зардап шеккендер жоқ.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігі  Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің басшысының бұйрығымен апаттың себептері мен мән-жайларын тексеруге комиссия құрылды.

Комиссия төрағасы, сараптамалық комиссия апат себебін анықтады:

- ішкі суағаржұмыс істемейді;

- ғимараттың төбесінде рұқсат етілген шектен асатын шаң жинақталуы (технологиялық күл);

- Су құятын құрылғылар СНиП РК 3.02-06-2009 «Крыши и кровли» бұза қолданылады;

-Т/б тақтаның арматура сырығы ашылуымен бетоны бұзылуы;

- Г-Д аралығында 14-15 осінде шатырдын т/б жабын тақтасының бұзылуы;

- 2015 жылғы 30 қазанның өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын ұсынымдарын уақтылы іске асырмауы.

Комиссияның қорытындылары:

1. «Арселор Миттал Теміртау» АҚ ТЭЦ-ПВС-те Қазандық цехыныңқұрылыс конструкцияларын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын істеу үшін жобаны тезірек аяқтау қажет.

2. Ғимаратты жақсы жұмыс күйінде ұстау үшін сараптама ұйымының ұсынымдарын жүзеге асыру.

Кәсіпорында апат себептерін жою үшін (Г-Д аралығында 14-15 осінде шатырдын т/б жабын тақтасының бұзылуы) кейбір шаралар жүзеге асырылуда:қауіп аймағы қоршалған,қауіпсіздік белгілері орнатылған, цех ішінде қозғалыс маршруттарымен қызметкерлер таныс, шатырдын жабын төтенше тақтасының бөлшектеукестесі дайын. Кәзір «Арселор Миттал Теміртау» АҚ ТЭЦ-ПВС-тің цехтармен және қызметтердіңғимараттар мен құрылыстардың (кейін ҒҚ) техникалық байқауы жүзеге асырылуда.

Кәсіпорында қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін апаттергеуін өткізген комиссия тапсырысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін  ҒҚқауіпсіз пайдалану лауазымдық нұсқаулықты, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін,Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» заңды бұзғаны үшін жауапты «Арселор Миттал Теміртау» АҚ тұлғаларың анықтады .