Бұзушылықтарды жою туралы іс-шара жоспарын талқылау

Бұзушылықтарды жою туралы іс-шара жоспарын талқылау

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2017 жылдың І жартыжылдығына арналған  өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында тексерістер жүргізу кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың мамыр айының 5 мен маусым айының 15 аралығында «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты ерекше тәртіп бойынша тексеріс өткізілді.Тексеріс барысында 103 өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптары мен ережелерінің бұзушылықтары анықталды.

Тексеріс қорытындысы бойынша, Департаментте 2017 жылдың тамыз айының 8 күні «Теңізшевройл» ЖШС-ң өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті. Жиналыс барысында, бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген бірқатар бұзушылықтарға «Тенгизшевройл» ЖШС-ң өкілдерінің тарапынан келіспейтін ескертпелерге тоқталып, талқыланды. Жиналыс қорытындысы бойынша заңнама талаптары мен ережелері толықтай орындалып, кемшіліктер жойылатындығы жөнінде шешілді.