
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің
04.07.2017 жылғы № 25-19/1-2285 санды хаты негізінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202 Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 4-тармағына сәйкес энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында қызметін жүзеге асыруды бастау туралы хабарламаларды жіберген заңды тұлғаларға қатысты 2015 жылғы 29 қазандағы № 375 Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 3-тармағының 11-тармақшасына сәйкес, «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541 Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкестігіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Қызылорда облысы бойынша 2 мекеме тексерілді. «ҚазақЭнергияСараптама-Қызылорда» ЖШС энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласы бойынша оқу орталықтарының тізілімінде, сонымен қатар энергоаудит қызмет түрін көрсететін заңды тұлғалар тізілімінде тіркелген. Тексеріс 21.07.2017 жылғы № 93 тексеру тағайындау актісімен 2017 жыл шілде айының 24-28 аралығында жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша заңбұзушылықтар анықталған жоқ.
2017 жыл 31 шілде-04 тамыз күндері аралығында «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңынынң 14 бап, 3 тармағы талаптарына сәйкестігіне «СтройЭнергоКонтроль» ЖШС тексерілді. Тексеру барысында төмендегідей заңбұзушылықтар анықталды:
Тексріс нәтижесі бойынша заңды тұлға «СтройЭнергоКонтроль» ЖШС – не («Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңының талаптарының бұзылғандығы үшін, «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 296 бабының
1 тармағы бойынша 10 АЭК – 22690 тг көлемінде айыппұл салынды.
Атом энергиясын мемлекеттік қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы – Бүркітбай Бибіауа
