«Қазфосфат» ЖШС зауытының "Минералды тыңайтқыштар" филиалын 70 жылдық мерейтойымен құттықтау

«Қазфосфат» ЖШС зауытының "Минералды тыңайтқыштар" филиалын 70 жылдық мерейтойымен құттықтау

ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ұжымы "Қазфосфат" ЖШС зауытының "Минералды тыңайтқыштар" филиалын 70 жылдық мерейтойымен құттықтайды.

Химия индустриясы-Қазақстан өнеркәсібі мен экономикасының одан әрі табысты дамуын айқындайтын аса маңызды өндірістік салалардың бірі.

70 жыл ішінде зауыт минералды тыңайтқыштардың ірі отандық өндірушісі бола отырып, үлкен даму жолынан өтті. Зауыттың еңбек ұжымының жоғары кәсіби жұмысы еліміздің көптеген кәсіпорындары үшін үлгі болды.

Шағын немесе үлкен  кәсіпорынның жетістіктері жалпы еңбек процесіне қатысатын әр қызметкердің арқасында қалыптасады. Бірнеше ондаған жылдар бойы елден тыс жерде танымал болған отандық зауыттың жетістіктеріне осында жұмыс істеген және бүгінгі таңда қызмет ететін мамандардың арқасында қол жеткізілді.

Өз кезегінде зауытқа отандық өнеркәсіптің жоспарлы және үдемелі дамуына ықпал ететін жаңа өндірістік жетістіктерді, сондай-ақ еңбек ұжымына зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз.