ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өткіп, онда мемлекеттік органның жеке кәсіпкерлік субъектілерімен норма шығармашылық қызметіндегі өзара әіс-қимыл мәселелері талқыланды. Отырыста «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобаларының (а.ж. 11 тамыздағы жағдайы бойынша) пысықталған редакциялары қарастырылды.
Сонымен қатар, талқылау барысында Қазақстандағы отандық автомобильдер өндірісінің дамуындағы мемлекеттік қолдау шаралары және халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автомобиль тасмалдаушылардың мүдделерін қозғайтын мәселелер де көтерілді.
Сараптамалық кеңестің кезекті отырысын бұдан бұрын бекітілген кестеге сәйкес, 2017 жылдың 10 қарашасында өткізу жоспарланып отыр.