
Бүгін Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті химия өнеркәсібін дамыту келешегінің проблемаларына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Отырысқа мемлекеттік органдардың, химия өнеркәсібі кәсіпорындарының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және ғалымдар қатысты.
Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында өнеркәсіптің әлеуетін толық пайдалану Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет екені атап өтілген болатын.
Химия саласы Қазақстан экономикасының стратегиялық маңызды және басым секторларының бірі болып табылады. Салада индустрияландыру бағдарламаларын іске асыру жылдары жалпы сомасы 137,1 млрд теңге 83 жоба еңгізілді. Сонымен қатар, 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.
Қазіргі уақытта салада 738 жұмыс істеп тұрған кәсіпорын, соның ішінде, 9 ірі, 16 орта және 713 шағын кәсіпорын тіркелген.
2019 жыл қорытындысы бойынша сомасы 475,1 млрд теңгеге өнім өндірілді . 2020 жылғы 8 айда өсу 3% құрады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов өз сөзінде соңғы бес жылда сала химия өнеркәсібінің барлық секторлары бойынша өндірістің тұрақты өсуін көрсетіп отырғанын атап өтті. Мысалы, саланың ірі сегменті – өнеркәсіп химикаттар өндірісі
1,8 есе, негізінде сары фосфор (+21%), каустикалық сода (+25%), лак-бояу өнімдер (+27%) өндірісі өсуі есебінен өсті.
Агрохимия секторында өндірістің өсуіне кәсіпорындарды жаңғырту ықпал етті: аммиак селитрасы 1,2 есеге, аммофос өндіруі 2,1 есеге өсті.
«Қазір Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібінің өсуіне негізгі үлесті минералдық тыңайтқыштар мен өзге де агрохимиялық өнім өндірушілер қосып отыр. Фосфорлы тыңайтқыштардың негізгі өндірушісі "Қазфосфат" ЖШС болып табылады, ол өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізеді.
«ҚазАзот» АҚ азотты тыңайтқыштардың ірі өндірушісі болып табылады. Кәсіпорынды жаңғырту жұмыстары аммиак селитра өндірісінің 15% өсуіне ықпал етті.
Сонымен қатар, саладағы сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қосымша құны жоғары тауар – кешенді минералды тыңайтқыштар өндіру бойынша инвестжоба («ЕврохимҚаратау» ЖШС) құрылыс сатысында екендігін атап өткен жөн»,- деді А. Ержанов.
Әлемдік трендтерді ескере отырып, алдағы уақытта химия өнеркәсібінің дамуы жаңа өнім түрлері мен жоғары құны қосылған тауарлар жасауына бағытталатын болады.
Тұтынушылық химия сегментінің әлеуеті зор. "Жасыл" өнімдерді дамытуға және химиялық өнімдердің жаңа түрлерін жасауға ықпал ететін өнімнің экологиялылығына біртіндеп көшу маңызды. Беттік белсенді заттар мен жуғыш заттар шығару қуаттарын ұлғайтуы ішкі нарықтың сұранысын отандық тұрмыстық химия өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өсімдік шикізатына негізделген косметика өндірісі тұрмыстық және косметикалық өнімдерді экологиялық таза өндірісінің негізін қалайды.
Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, аз тонналы химия өндірісін дамыту "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясындағы: лак-бояу өнімдері, тұрмыстық және құрылыс химия тауарлар секторларын дамуына ықпал ететін болады.Сонымен қатар, базалық полимерлер өндірісін ұйымдастырумен мұнай-химия саласындағы жобаларды іске асыру талап етіледі. Бұл резеңке және пластмасса бұйымдарының, аз тонналы химиялық өнімдердің және басқа да химиялық өнімдердің әр түрлі түрлері сияқты жоғары қосылған құны бар жаңа өнімдердің дамуына және пайда болуына ықпал етеді. Сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіптің аралас салаларының дамуына серпін береді.