«Алматы қ. аммиакты тоңазытқыш қондырғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы» тақырыбында кеңесі өтті
2017 жыл 4 тамызында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде «Алматы қ. аммиакты тоңазытқыш қондырғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы» тақырыбында кеңес өткізілді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент жоспарының 10 тармақшасын орындау барысында, Департаментте кеңес өткізілді.
Кіріспе сөзбен Департамент басшысының м.а. Б. Олжабаев сөз сөйледі, сондай-ақ салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бөлімінің басшысының м.у.а. М.Икиннің баяндамасы тыңдалды.
Алматы қаласында қазіргі уақытта, өнеркәсіптік аммиакты тоңазытқыш қондырғыларына жасанды суық алу үшін, салқындық агенті ретінде, өзінің өндірісінде аммиакты қолданатын 6 ұйым жұмыс істейді («Шин-Лайн» ЖШС, «Рахат» ЖШС, «Кадыров» ЖК, «Резерв» РММ «Комета» филиалы, «Carlsberg Kazakhztan», ЖШС, «Caspian Beverage Holding» АҚ), аммиактың барлық мөлшері – 18,1 тонна.
2007 жыл мен 2017 жыл аралығында қаланың қауіпті химиялық объектілерінде аммиакты қолдану мөлшері 45 % төмендеді. Осы жылдар ішінде, 3 кәсіпорын («Arinas» ЖШС , «АДЗ» АҚ , «First Distribution» ЖШС) өндірісін фреондық құрылғыға ауыстырды.
Қорытындылар/ұсыныстар:
1.Алматы қ. өз өндірісінде аммиакты тоңазытқыш қондырғыларын пайдаланатын кәсіпорындар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы институттарымен бірлесіп, аммиактың құрамын бағалауды өткізу.
2.Қаланың ішінде аммиакты тастаумен жетекшілік ететін аммиакты тоңазытқыш қондырғылардағы аварияны болдыртпау үшін, ҚР заңнамасының талаптары мен өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларында көрсетілген шараларды міндетті түрде пайдалану.