Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық инвестициялық стратегияны бекітті

Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық инвестициялық стратегияны бекітті

Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегия бекітілді. ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек атап өткендей, стратегияның негізгі мақсаты тиімділікті арттыруға бағытталған қолайлы инвестициялық климат құру және инвестиция тарту.

«Стратегия табысты іске асатын болса,

бес жылдың ішінде тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағынының кезең-кезеңімен экономикаға 26%-ға дейін, ал тиімділікті арттыруға және экспортқа бағытталған инвестициялар 50%-ға дейін өседі, деген болжам бар. Сонымен қатар, ішкі инвестициялардың өсуі де болжанып отыр. Шикізат емес сектордың негізгі капиталына салынған инвестициялар  көлемі 46%-ға дейін өседі, деп күтілуде»,-деді Жеңіс Қасымбек.

Министрлік Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, тиімділікті арттыруға бағытталған жаңа инвестиция тартуға ұтымды басым салаларды белгіледі. Бұл салалар екі топқа бөлінеді.

«Бірінші, бұл – «қолданыстағы әлеуетті салалар», яғни, азық-түлік өнеркәсібі, мұнай-газ және пайдалы қазбаларды қайта терең өңдеу (яғни, металлургия, химия және мұнай-химия) және машина жасау. Бұл топ қысқа мерзімді немесе орта мерзімді келешекте тиімділікті арттыруға бағытталған тікелей шетелдік инвестицияны ілгерілету мүмкіндігі жоғары салалардан тұрады. Екінші топ, бұл – «перспективалы салалар», яғни АКТ, туризм және қаржы. Бұл топ ұзақ мерзімді келешекте инвесторларды қызықтыруы мүмкін салалардан тұрады»,-деп атап өтті ҚР Инвестициялар және даму министрі.

 Жалпы, стратегияны іске асыру инвестиция саласын түбегейлі реформалауға, инвестиция ағынының өсіміне қол жеткізуге және ел экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Стратегияға сәйкес, 2022 жылға қарай келесідей мақсатты индикаторларға қол жеткізіледі:

1)   ТШИ жалпы ағыны 126%-ға артады

2)   ТШИ жалпы көлеміне байланысты ІЖӨ 2022 жылы 19%-ға артады

2)   Тиімділікті арттыруға бағытталған ТШИ (ТШИ жалпы ағыны өңдеу өнеркәсібіне) 1,5 есеге артады;

3) Экономиканың шикізат емес секторының негізгі капиталына  құйылатын инвестиция көлемі  (мемлекеттік бюджетті қоспағанда) 1,46 есеге артады;

4) Экономиканың шикізат емес секторының негізгі капиталына құйылатын сыртқы инвестиция көлемі 1,5 есеге артады.

Ссылка на доклад Министра по инвестициям и развитию РК