«ӨзенМұнайСервис» ЖШС -інің Жаңаөзен қаласындағы тексеріс жүргізілді

«ӨзенМұнайСервис» ЖШС -інің Жаңаөзен қаласындағы тексеріс жүргізілді
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен 2017 жылдың 3 – ші шілдесі мен 7 - ші тамызы аралығында 2017 жылдың II жартыжылдығына арналған ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «ӨзенМұнайСервис» ЖШС -інің Жаңаөзен қаласындағы нысандарында ерекше тәртіп бойынша тексеріс жүргізілді.
Тексеру жүргізу барысында 28 нысан, атап айтқанда: ұңғыларды күрделі және жерасты жөндеу көтергіш агрегаттары, жүк көтергіш механизмдері және қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстар тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 75 бұзушылық анықталды. Осының негізінде, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 298 бөлімінің 1 тармағына сәйкес заңды тұлғаға жалпы сомасы 226 900 теңгені құрайтын айыппұл салынды.