Бүгін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров пен Фиджи Республикасының Индустрия, сауда және туризм министрі Фаяз Кояның кездесуі болды.
Аталған кездесу «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде 16 тамыз күні өтетін Фиджи Репсубликасының ұлттық күнінің алдында ұйымдастырылды.
Үкіметаралық диалог екі жақты ынтымақтастықтың перспективалары туралы пікір алмасуға жақсы мүмкіндік береді. Ресми Астана Тынық мұхит аймағында Қазақстан үшін маңызды серіктес – Фиджимен әрі қарай екіжақты қатынасты дамытуға мүдделі.
Анықтама: ҚР және Фиджи арасында 2012 жылғы 6 маусымда дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған.