Азаматтық авиация комитеті мен Сауд Арабиясы авиациялық билігінің ұзақ келіссөздерінің нәтижесінде қазақстандық әуе компания 2017 жылдың Қажылыққа барушыларын тасымалдау мүмкіндігіне ие болды. Биыл қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы мен Сауд Арабиясының «Fly Nas» әуе компаниясы Қажылыққа баратын 2500 қазақстандықты тасымалдауды жоспарлап отыр.
«FlyNas» әуе компаниясы 2017 жылдың 23, 24 және 25 тамызы күндері Астана мен Алматыдан Медине мен Жидда қалаларына 3 рейс орындауды және 2017 жылдың 6,7 және 8 қыркүйегі күндері Аэробус 330 типіндегі әуе кемесімен кері қарай 3 рейс орындауды жоспарлады.
«SCAT» әуе компаниясы тапсырыспен 22, 23, 24, 25, 26 тамыз күндері 5 рейс (Шымкент – Жидда, Алматы – Жидда, Алматы – Медине) орындауды және қыркүйек айының 6, 7, 8, 9, 10 күндері Боинг 767 және Боинг 737 типіндегі әуе кемелерімен қазақстандық Қажыға барушыларды кері қарай (Жидда – Алматы, Медине – Шымкент) 5 рейспен алып қайтуды жоспарлап отыр.
Әуе компаниялар барлық қажетті рұқсаттарды алды. Рейстерді келісілген кесте бойынша атқаратын болады.