EXPO-2017 көрмесі аясында Армения Республикасының Ұлттық күні өтті

EXPO-2017 көрмесі аясында Армения Республикасының Ұлттық күні өтті
EXPO-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесі аясында Армения Республикасының Ұлттық күнінің ашылуы рәсімі болды. Іс-шарада Қазақстан тарапынан ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, Армения тарапынан АР Экономикалық даму және инвестициялар министрлігі Туризм жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасы Зармине Зейтунцян өкілдік етті.
Зармине Зейтунцян Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуымыз  серіктестік байланыстарды орнату үшін ең жақсы мүмкіндік, деп атап өтті.
Өз кезегінде Ерлан Хаиров Арменияның көрмеге қатысуы біздің елдер арасындағы достық қатынастың айқын дәлелі екенін айтты.
Биыл 27 тамызда Қазақстан мен Армения арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығы аталып өтіледі.
Осы жылдар ішінде екіжақты байланыстың, сондай-ақ, аймақтық және халықаралық институттар шеңберінде  Қазақстан-Армения ынтымақтастығы кеңейіп, жоғары деңгейде дамыды.