
Жезқазған өңірі бойынша түсті металлургиядағы тау-кен қадағалау бөлімімен 2017 жылдың 1 жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша ерекше тәртіппен жүргізілетін тексерістер кестесіне сәйкес 2017 жылдың 24 мамырынан бастап 2017 жылдың 14 тамызына дейін «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС филиалы «Жезқазғантүстімет» ӨБ Шығыс Жезқазған кенішінде ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді.
Тексеріс үстінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзушылықтары аңықталды.«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС филиалы «Жезқазғантүстімет» ӨБ басшылығына анықталған бұзушылықтар бойынша тексеру нәтижелері туралы акт, сонымен қатар 501 бұзушылықты жою туралы нұсқама табыс етілді. Орын алған бұзушылықтар және өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын бақылауды әлсіреткені үшін заңды тұлғаға 100 АЕК мөлшерінде 226 мың 900 теңгеге соммасында айыппұл салынды.
