
"Химфарм" АҚ фармацевтикалық компаниясы соңғы 2 жылда экспорт көлемін 2,5 есеге арттырды. Бүгінгі таңда кәсіпорынның дәрілік заттары Орталық Азия және ЕАЭО нарықтарында кеңінен сұранысқа ие. Өнімдер Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия, Ресей және Қырғызстан сияқты елдерге экспортталады.
Сонымен қатар келесі жылы Өзбекстан нарығын игере отырып, экспортты екі есеге арттыру жоспарланған. Бұдан бөлек, маңызды бастамалардың бірі Еуропалық одақтың дәрілік нарығына шығу көзделген. Осылайша, 2023 жылға қарай экспорт көлемін 4 есеге, яғни 16 млрд. теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
SANTO компаниясы - Қазақстандағы дәрілік заттарды өндіруші ең ірі отандық фармацевтикалық компания, Polpharma халықаралық компаниясы оның қалыптасуына 100 млн. АҚШ долларынан астам қаржы құйған. Компанияның өндірістік циклі GMP халықаралық стандарттарына сәйкес келеді, сондай-ақ GDP тиісті дистрибьютерлік тәжірибесі енгізілді.
Әлемді жайлаған пандемия адамдардың өмірін түбегейлі өзгертті. Вирус бүкіл елге таралды. Пандемия жағдайында дәрі-дәрмектерге деген қажеттілік едәуір артып, карантин шектеулеріне байланысты импорт қысқарған кезде басты салмақ отандық өндірушілерге артылады. Осыған байланысты "Химфарм" АҚ шикізатты жеткізу және дайын өнімді жөнелту логистикасының тәулік бойы жұмысын қамтамасыз ете отырып, өндірістік ауысымдардың жұмысын тоқтаусыз режимге салды.
Компания барлық өндірістік резервтер мен қуаттарды іздеуге және іске қосуға, өндірістік тәртіпке, санитарлық нормалардың сақталуын қатаң бақылауға баса назар аударды. Науқастардың денсаулығына жауапты бола отырып, барлық қажетті шаралар қабылданды, дәрі-дәрмек өндірісі қарқынды жалғасып, өндіріс көлемі артты.
Соңғы 7 жылда мемлекеттік қолдаудың арқасында қазақстандық фармацевтикалық нарықтағы SANTO компаниясының үлесі 4,7% - дан 6,0% - ға дейін ұлғайды.
Бүгінде кәсіпорынның 11 өндірістік желіде өндірілетін 9 түрлі нысандағы 120-дан астам дәрілік заттардың атаулары бар, ал бұл отандық өндірушінің оннан астам емдік топтарда ұсынылғанының көрсеткіші болып табылады.
Бұдан бөлек, компанияның R&D әлеуеті дәрілік заттардың он жаңа позициясын ағымдағы жылдың соңына қарай нарыққа шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 2023 жылға қарай науқастарды емдеу үшін қазақстандық өндірістің елуге жуық препаратын ұсыну жоспарланып отыр.