
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамының (GIZ) қолдауымен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасы бойынша Жол картасын әзірлеуге қатысты семинар өтті.
Белгілі болғандай, Заңнамадағы реформалар жер қойнауы процесіне елеулі өзгерістерге әкелді. Сондай-ақ, осы деңгейде жүзеге асырылып жатқан заңнамаға шарттарды анықтау және енгізу бойынша қажеттілік туындап отыр. Осыған сәйкес, семинардың интерактивті форматта өтуіне септігін тигізді.
Кодексте қарастырылған жаңалықтар келісімшарттық жүйеден лицензиялыққа өту, жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімдерін оңтайландыру және мерзімдерді қысқарту, геологиялық ақпаратқа қолжетімділік және CRIRSCO пайдалы қазба қорларын халықаралық бағалау тәртібіне өту, өндіруден кейінгі ликвидациялауды күшейту, ликвидациялауды және тағы басақаларының қаржылық механизімін енгізу сияқты мәселелерді қамтиды. Кодекстің тиісті блоктары семинар қатысушыларының басты тақырыбы болып айқындалды. Кодексті жетілдіру жұмыстары кезінде назарға алу үшін тиісті ұсыныстар әзірленді.
Іс-шарада мемлекеттік ұйымдар, өндіруші компаниялар, Астана халықаралық қаржы орталығы, Тау-кен металлургия және тау-кен өндіру қайымдастығы, заң кеңесшілері өкілдері белсене атсалысты.
Семинар қорытындысы бойынша, жер қойнауын пайдалану құқығын беру және жер қойнауын пайдалану құқығын өткізу, CRIRSCO пайдалы қазба қорларын халықаралық бағалау тәртібіне өту, өндіру нәтижесіндегі ликвидация және қайта қалпына келтіру блоктары бойынша жол картасы әзірленді. Кодекстің тиісті нормаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар даярланды. Даярланған жол картасы құзіретті және өкілетті органдармен заңнамалық реформаға өзгерістер енгізу қадамдары реформаны тиімді жүзеге асыруды қамтамассыз етеді, жоспарлауға және бақылауға септігін тигізеді.
