ҚР ИДМ Көлік комитетінде көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңес өткізілді

ҚР ИДМ Көлік комитетінде көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңес өткізілді

ҚР ИДМ Көлік комитеті көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңеске ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар талқыланды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс нәтижелері, көліктік бақылау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Осылайша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы шеңберінде, бірқатар түзетулер дайындалды:

- арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын қолдану арқылы көліктік бақылауды  автоматтандыру (ААӨҚ);

- автокөлік құралдарын тоқтату жүзеге асырылатын негіздердің барынша толық тізбесін бекіту, бұл нәтижесінде пост қызметкерлерінің таңдауы бойынша тоқтатуды тыйым салуға мүмкіндік береді.  

Әкімшілік кедергілерді жою және тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, тасымалдаушылар үшін Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік поезд туралы тасымалдаушыны алдын ала хабардар етудің «Сәттісапар» ақпараттық жүйесі енгізілді.

Анықтама: Осы жүйе тасымалдаушыға автокөлік құралының қозғалыс жылдамдығын арттыруға, жүру жолында тексеруді алып тастау арқылы транзиттік қатынаста жүк жеткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Көілктік бақылаудың тиімді жүргізілуін арттыру және сыбайлас жемқорлық пайда болуларын алдын алу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына стационарлы және жылжымалы көліктік бақылау посттарында инспекторлардың жұмысына видеомониторингке рұқсат берілді.

Бұдан басқа, көліктік бақылау посттарының жұмысына он-лайн мониторинг ҚР ИДМ сайтында қоғамдық қол жеткізу үшін қамтамасыз етілген  (onlinecam.mid.gov.kz).

Сондай-ақ, Көлік комитетінің басшылығы қоғамдық бірлестіктердің, видеоблогерлардың өкілдерінен тұратын мониторингтік топтың құрылғандығы айтып өтті, оның мақсаты көліктік бақылау саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын зерттеу мен анықтау.

Мониторингтік топтың барлық материалдары ҚР ИДМ Көлік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңесте тиісті шешімдерді қабылдаумен қаралады.

Мониторингтік топтың қызметі мен жұмысына қатысу туралы барлық қызықтыратын мәселелер бойынша Комитет құрамында жаңа құрылған - Сыбайлас жемқорлық тәуекелін мониторингтеу және жою басқармасына

75-47-35 телефоны арқылы немесе k.myrzamuratov@mid.gov.kz эл.адресі бойынша жүгуінуге болады.