
2017 жылғы 31 тамыз күні таңғы сағат 4-тен 21 минут кеткенде (шамамен) Шахтинск қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті «Қазақстан» шахтасының 332 Д6-з № 1 желдету түйісімінде көмір мен газдың кенеттен ауаға шығарылуы орын алды. Апат кезінде шахтада 136 адам жұмыс жасап жатқан. Олардың 3-уі апат орын алған учаскеде болған. Таңғы сағат 5:35 минутта шахта жұмысшысы 3 адамның өлі денесін тапты.
ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі» РМК-ның Қарағанды және Шахтинск қалаларындағы 7 бөлімшесі құтқару жұмыстарын жүргізуде. Оған жалпы саны 60 адам, 9 дана техника жұмылдырылды.
Сағат 7-00-де қайтыс болғандардың мәйіттері жер бетіне шығарылды. Сағат 7-05 минутта апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етуші 3 жұмысшыдан өзге 130 шахта жұмысшысы жер бетіне шықты.
Қайтыс болғандар туралы мәлімет: