Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай

2017 жылдың 29 тамызында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінде  1995 жылы 30 тамыздағы қабылданған «Қазақстан Республикасының Конституциясы» күніне орай салтанатты жиналыс өтті.

Департаментке 2017 жылы қабылданған Н.Т.Байгутов Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша біршама мағлұматтар берді.

Бұл күн – еліміздің 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңын қабылдап, әлемге өзін құқықтық, зайырлы, әлеуметтік және демократиялық мемлекет ретінде жариялаған тарихи күн ретінде есте сақталады.

Конституция – ел егемендігінің айғағы, тәуелсіздігіміздің тұғыры, мемлекетіміздің тірегі болып табылатынына сеніміміз мол.

Департамент басшылығымен мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандарға сенім ретінде ізгі тілектер айтылды.