
2020 жылғы 3 қыркүйекте қара және түсті металл сынықтары нарығын қауымдастықтармен, сынық дайындаушылардың ӨРҰ және металлургиялық компаниялармен реттеу мәселесі бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.
Жұмыс тобының отырысы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі А. Ержановтың төрағалығымен өтті.
Кеңесте металлургиялық зауыттарды шикізатпен қамтамасыз ету және ҚР металлургиялық зауыттарының жеткізуші кәсіпорындарға жеткізілген шикізат үшін берешектерін өтеу мәселелері қаралды.
Екінші металлургия салалық қауымдастығының және сынықтарды дайындаушылар мен қайта өндеушілердің металлургиялық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету туралы ұсынысы қаралды.
2020 жылғы 2 қазанда берешекті өтеу бойынша металлургия кәсіпорындарын тыңдау күтілуде.