Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жер қойнауын пайдалану құқығын алуға қатысты аукцион түріндегі конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жер қойнауын пайдалану құқығын алуға қатысты аукцион түріндегі конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 2017 жылғы 28 қарашада 109 жер қойнауы учаскесі соның ішінде 97 барлауға арналған 12 өндіруге арналған учаскелері бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға қатысты аукцион түріндегі конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.

  • 45 алтын, 44 барлауға және 1 өндіруге;
  • 45 түсті металлдар, 3 өндіруге және 42 барлауға арналған;
  • 7 қара металл, барлығы барлауға арналған;
  • 3 сирек кездесетін металл, 1 өндіруге және 2 барлауға арналған;
  • 9 өзге де пайдалы қазбаларға қатысты (графит, кварцит, емдік балшық, хризопраз, флюорит, халцедон, бұрғылау кені), 6 өндіруге және 3 барлауға арналған. Аукционға шығарылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін келесі сілтеме арқылы алуға болады

Аукционға негізінен геологиялық баралау жұмыстарын қажет ететін  жер қойнауы учаскелері шығарылған.

Жер қойнауын пайдалану құқығын берудің негізгі шарты болып аукционға қатысуға арналған төлем, геологиялық ақпаратты алу үшін төлем, қызметтерді, жұмыстарды және кадрларды жергілікті қамту бойынша төлемдер, аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған шығындар, ҒЗТКЖ арналған шығындар табылады.

Жеңімпазды анықтаудың негізгі және жалғыз критері болып қатысушылармен ұсынылған қол қойылған бонустың анағұрлым үлкен көлемі болып табылады.

Аукционды өткізудің жер қойнауы учаскесіне жер қойнауын пайдалану құқығын беру «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағы шеңберінде жер қойнауын иелену және пайдалану құқығы ол негізінен келесідей операцияларды жүргізуге беріледі барлауды жүргізу үшін, өндіруді жүргізу үшін,бірлескен барлау мен өндіруді жүргізу үшін, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды жүргізу және (немесе) пайдалану үшін, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жүргізу үшін.

Аукцион жеңімпазымен нәтижесінде келісімшарт бекітіледі. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бұл өз кезегінде жер қойнауын пайдалану құқығын тиісті субъектіге беру бойынша мемлекеттің мүддесін білдіретін құқықформасы болып табылады.Барлау сатысында Келісімшарттың әрекет ету мерзімі 6 жылды құрайды. Жер қойнауын пайдалану құқығы келісімшарттың әрекет ету мерзімімен шектелген. Жер қойауын пайдаланушы тиісті аумақты келісімшартта көзделген мақсаттарға сай пайдалануға міндетті.

Аукционнан әлеуметтік-экономикалық әсер ретінде келесілер күтілуде: Геология саласына инвестиция тарту, Қазақстан Республикасы аумағында геологиялық зерттелуді жоғарылату, Республикалық және жергілікті бюджетке салықтық төлемдер, жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті қамтуды дамыту, жергілікті халық ішінен мамандарды оқыту және қайта даярлау, қайта өңдеуші кәсіпорындарды бәсекелестікке даярлау.