2020-2021 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы

2020-2021 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы

Жергілікті атқарушы органдар ұсынған мәліметтер негізінде 2020-2021 жылдар кезеңіне коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтар үшін және халыққа көмір өнімінің қажеттілік жоспары қалыптастырылды, тұтыну көлемі –        10 млн. тоннаны құрайды, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға – 2,9 млн. тонна, халық – 7,1 млн. тонна.

2020 жылғы 13тамызда ҚР ҰЭМ, Облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі А. Ержановтың төрағалығымен коммуналдық тұрмыстық сектор және халықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша селекторлық мәжіліс өтті.

Мәжіліс барысында коммуналдық тұрмыстық сектор және халықты көмірмен қамтамасыз ету бөлігінде жылу маусымына дайындық мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, бұған дейін селекторлық кеңестер 2020 жылдың 9 және     29 шілдеде өткізілді.

Кеңестерде жергілікті атқарушы органдарға ұсыңылды:

- шілде айынан бастап коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар және халық үшін көмір дайындау бойынша жұмыстарды бастау;

- көмір сатып алуға тендерлерді жариялау және коммуналдық тұрмыстық секторды және халықты қажетті көлеммен және сапамен қамтамасыз ету;

- өңірлердің көмір өніміне тұтыну жоспарын ұстану;

- көмір тапшылығын жою мақсатында өңірлердегі жеткізушілермен белсенді өзара әрекет ету;

- коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар және халық үшін көмір жеткізуді тұрақты негізде мониторингілеу;

- көмір сапасының белгіленген нормаларын ұстану үшін қолданыстағы стандарттарды тұрақты басшылыққа алу;

- көмірді сату орындарын және ол жерде көмірдің болуы туралы халыққа түсіндіру үшін желі құру;

- шынайы емес ақпараттарды таратуды болдырмау бойынша БАҚ және әлеуметтік желілерде түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

- коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар және халық үшін көмір бағасының негізссіз өсуін жою үшін монополияға қарсы ведомствасының өңірлік құрылымдарын тарту ұсынылды.