
2020 жылғы 3 қыркүйекте қара және түсті металл сынықтары нарығын қауымдастықтармен, сынық дайындаушылардың ӨРҰ және металлургиялық компаниялармен реттеу мәселесі бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.
Кеңесте қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын ішкі бағыттарға тасымалдау бойынша темір жол тарифтерін төмендету, ҚР металлургиялық зауыттарына металл сынықтарын жеткізу бойынша жеткізушілер үшін жақсарту жағына келісімшарттар мен шарттар жасасу және басқа да мәселелер қаралды.
Екінші металлургия салалық қауымдастығының және сынықтарды дайындаушылар мен қайта өндеушілердің күзгі-қысқы кезенде металлургиялық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету туралы ұсынысы қаралды.
Жұмыс тобының отырысы ҚР ИИДМ инфрақұрылымдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары С. Қазақбаевтың төрағалығымен өтті.