
2020 жылғы 26 тамызда «Казпрофметалл» салалық тау-кен металлургиялық кәсіптік одағы» ҚБ XI съезі өтті. ҚР ИИДМ инфрақұрылымдық даму және өнеркәсіптік қауіпсідік комитетінің төрағасы М. Қарабаев құттықтау сөз сөйледі.
Съезде «Казпрофметалл» Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралды, «Казпрофметалл» Орталық кеңесінің 2015-2020 жылдар аралығындағы жұмысы туралы есебі, тексеру комиссиясының есебі және басқа да мәселелер тындалды.
«Казпрофметалл» салалық тау-кен металлургиялық кәсіптік одағы» ҚБ XI съезінің тау-кен металлургия кешендерінің кәсіподақ ұйымдарына үндеуі қабылданды.