Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінде «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында жиналыс өткізілді

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінде «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында жиналыс өткізілді

2017 жылдың 7 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) жеке құрамымен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы маманының және Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы директоры орынбасарының қатысуымен  «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында жиналыс өткізілді.

Әкімшілік-қаржылық жұмыс бөлімінің басшысы М. Айдарова ағымдағы жылы Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-шаралар туралы баяндама жасады.

Жиналыс барысында Департамент қызметкерлеріне ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы мемлекеттік қызметке қойылатын талаптар мен әдеп кодексін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан халықты ақпараттандыру жұмыстары туралы түсіндірді. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп жатқандығын атап өтті және бейне-ролик көрсетілді.