
ҚР Өнеркәсіп комитетінің баспасөз қызметі барлық әріптестерін кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл күн – халыққа қызмет етуге адалдық пен еліміздің дамуына ұмтылудың символы.
Мемлекеттік қызмет үлкен жауапкершілік, кәсіби шеберлік және үздіксіз даму талап етеді. Әрқайсыңыз Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға маңызды үлес қосасыздар.
Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен жұмыста жаңа жетістіктер тілейміз! Жетістіктеріңіз халқының және еліміздің өркендеуіне қызмет етсін.
Мерекелеріңіз құтты болсын!