Kazakh invest компаниясы «АСЕАН көрмесінде көрме павильонының үздік ұйымдастырушысы» және «инвестициялық ынтымақтастыққа салынған ең зор үлес» марапаттарын алды

Kazakh invest компаниясы «АСЕАН көрмесінде көрме павильонының үздік ұйымдастырушысы» және «инвестициялық ынтымақтастыққа салынған ең зор үлес» марапаттарын алды

Бүгін «Қытай-АСЕАН» халықаралық көрмесінде «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы «Көрме павильонының үздік ұйымдастырушысы» және «Инвестициялық ынтымақтастыққа салынған ең зор үлес» марапаттарына ие болды. Марапатты «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясының басқарушы директоры Әділхан Өмірбаевқа ҚХР Гуанси-Чжуан автономдық ауданының (ГЧАА) губернаторы Чэнь У (Chen Wu) табыстады.

Көрме ұйымдастырушылары Қазақстанның Ұлттық стендін ең көрнекті стендтердің бірі ретінде атап өтті. Сонымен қатар, «KAZAKH INVEST» компаниясына қазақстандық компанияларға қолдау көрсеткені және Қазақстанның түрлі өнімдерін көрсеткен 20 стендті ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтты.

«Қытай-АСЕАН» халықаралық көрмесі Наньнин қаласында 14-ші рет өткізіліп отыр және әлемдегі ең ірі салалық көрме болып табылады. «KAZAKH INVEST» бұл көрмеге алғаш рет қатысып отырғандығын атап өткен жөн. Қазақстаннан келген әртүрлі компаниялардың қатысуының арқасында Қытай мен басқа елдердің кәсіпкерлерімен байланыстарды жолға қою мен жабдықтарды жасау, табиғи ресурстарды игеру, энергетика және қоршаған ортаны қорғау, заманауи технологиялар, өнеркәсіптік парктерге инвестициялар тарту және қаржы сервистері саласында ынтымақтастық жасау бойынша келіссөздер жүргізу мүмкіндігі туды. АСЕАН қытайлық серіктестермен байланыстарды жолға салу және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін маңызды платформа болып табылады, - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ директоры Әділхан Өмірбаев.

«Біз бірден екі марапат алғанымызға қуаныштымыз және Қазақстанның осы көрмеге қатысуы елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты нығайтатынына сенімдіміз»,-деді компания директоры.

АСЕАН көрмесінде «Рахат» АҚ, «Цесна Астық» Концерні, «Евразия Инвест LTD» ЖШС, «Қаржау» шаруа қожалығы, «Абзал и Компания» серіктестігі, «ТК Фарм-Ақтөбе» ЖШС, «Қазақ Туризм» Ұлттық компаниясы, «Бал Текстиль» компаниясы, ASIA WATERS, «Eurasian Foods Corporation» холдингі, «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС, «Карат» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Компания Нефтехим LTD» ЖШС, «Аллюр Групп», «Кэмонт» АҚ, «Қазфосфат» АҚ, «TENIR-LOGISTIC» ЖШС сияқты компаниялар өз өнімдерін көрсетті.