Елбасы Жамбыл облысына барған жұмыс сапарында 2017 жылдың 8 айындағы жұмыстарының есебін тыңдады

Елбасы Жамбыл облысына барған жұмыс сапарында 2017 жылдың 8 айындағы жұмыстарының есебін тыңдады

2017 жылдың 18 қыркүйегіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Елбасы Тараз қаласындағы әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралады. Сондай-ақ,  «Қазфосфат» ЖШС-нің бас директоры М.Искандировтың есебін тыңдады.

Президент «Арай-Плаза» бизнес-орталығында Жамбыл облысының өкілдерімен кездесу өткізді. Оған өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, білім және ғылым қызметкерлері, жастар, кәсіпорын иелері, ұйым этномәдени бірлестік басшылары қатысты. Қазақстан Президенті өз сөзінде облыстың әлеуетін дамытуда химиялық өнеркәсіптің, аймақтағы индустриалды және инфрақұрылым бағдарламасының тиімді жүзеге асуы маңызды екенін атап өтті.