
2017 жылдың 13-14 қыркүйек аралығында ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен (әрі қарай – Комитет) Қызылорда қаласында орналасқан «Қызылқұм» ЖШС базасында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның уран өңдіруші және уран өңдеуші мекемелерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аңықталған бұзушылықтарын сараптау» тақырыбында практикалық семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске Комитеттің Атом энергиясын пайдалану нысандарын мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы, ҚР ИДМ ИДӨҚК Қызылорда, Шығыс-Қазақстан және Оңтүстік-Қазақстан облыс Департаменттерінің атом өнеркәсібінде мемлекеттік қадағалау бөлім басшылары мен мамандары, уран өңдіруші мен өңдеуші мекемелердің басшылары қатысты.
Практикалық семинар-кеңеске шақырылғандар ішінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ өндірістік департаментінің директоры Искаков М.М. және «URANIUM ONE» компаниясының Комплеанс менеджері Д.Тлесбаев болды.
Семинар барысында уран өңдіруші мен өңдеуші компаниялар өкілдерінің уранды өңдеу барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы жөніңде баяндамалары тыңдалды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен аңықталған бұзушылықтарды жою барысы, қауіпті өңдірістік нысандардағы уранды өңдіру мен өңдеу барысында авариялар мен инциденттердің алдын алу шаралары туралы ақпараттар тыңдалды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның уран өңдіруші және уран өңдеуші мекемелерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аңықталған бұзушылықтарын сараптау» және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 394 бұйрығымен бекітілген «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен басқа да нормативті құқықтық актілер талқыланды.
Комитетпен ҚР ИДМ ИДӨҚК Қызылорда, Шығыс-Қазақстан және Оңтүстік-Қазақстан облыс Департаменттер өкілдерінің уранды өңдіру мен өңдеуші мекемелерде жүргізілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жұмыстары жөніңде баяндамалары тыңдалды.
Мемлекеттік инспекторларды жұмыс істеп тұрған өңдіріспен танысу мақсатында «Қызылқұм» ЖШС «Хорасан-1» кенішіндегі өнімді ертіндіні қайта өңдеу цехына барды.
Соңымен қатар, семинар барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік инспекторлармен жемқорлыққа қарсы саясат пен парақорлықтын алдын алу жөніңде сұрақтар талқыланды.
Практикалық жиналыс-семинардың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аумақтық департаменттер мен уран өңдеуші мекемелерге ұсыныстар көрсетілген хаттамаға қол қойылды.
