
Бүгін ҚР Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасының таныстырылымы болды.
Кодекс жобасын таныстырған ҚР Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев атап өткендей, қазіргі уақытта өндіру қарқыны минералды-шикізат қорының орнын толтыру қарқынынан озық келеді.
«Қазақстанда геологиялық барлауға құйылатын инвестиция көлемінің аздығы байқалуда. Қазіргі кезде орташа 1 шаршы метр аумаққа шамамен 7 доллардан келеді. Ал бұл көрсеткіш АҚШ-та – 87, Австралияда – 167, Канадада – 203 долларға жетеді. Геологиялық барлауға келетін инвестициялардың деңгейі төмен болғандықтан, жаңа кен орындарын ашу кешеуілдеуде. Еліміздің экономикасын тұрақты дамыту үшін минералды-шикізат базаларының орнын толтыруды қамтамасыз ету қажет, қосымша жұмыс орындарын ашу, жаңа кен орындарын ашу және жеке аумақтарды дамыту басты назарда болуы тиіс», - деді Алик Айдарбаев.
Кодекс жобасында жер қойнауын пайдалану саласында халықаралық үздік тәжірибелер мен реттеушілік әдістерді қолдану қарастырылған.
Алик Айдарбаевтың айтуынша, «Кодекс жобасында юниорлық компаниялар нарығын дамыту және пайда болу жағдайларын жасау мақсатында
- геологиялық ақпараттың қолжетімділігі,
- жер қойнауын пайдалану жөнінде операцияларды жүзеге асыру үшін лицензиялық тәртіпке ауыстыру,
- жер қойнауын пайдалану құқығын берудің бірінші өтінім қағидасы бойынша яғни бірнеше күн ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру,
- жылдам барлауды ынталандыру үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын жаппай бақылаудан экономикалық механизмдерге ауысу сияқты мәселелер қарастырылған».
Сондай-ақ, Кодекс жобасы жер қойнауын пайдалануда экологиялық және өнеркәсіп қауіпсіздіктері бойынша талаптарды күшейтуді көздейді.
Кодекс жобасында бағалы металлдардың шағын шашыранды кен орындарын игеру үшін ұмтылу институты енгізіледі.
Кодекс жобасында «бірінші келді –бірінші алады» принципіне ауысу көзделген. Осы принцип шеңберінде барлық пайдалы қазбалар түрлері бойынша жер қойнау учаскелерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін Қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге лицензиялар және бағдарламалар енгізіледі.
«Барлауға арналған лицензия бойынша ең көп аумақ 200-ге дейінгі блокты құрайды ( 400 ш. км). Барлау мерзімі ұзарту мүмкіндігін қосқанда 6 жылды құрайды. Сонымен бірге, 1 блокқа арналған шығындарды, минималды талаптарды орындау мен жыл сайынғы дамудың жалдамалық ақысын төлеу бойынша жер қойнауын пайдаланушыға түсінікті және толық міндеттемелер ұсынылады. Өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру австралиялық үлгіге өтуді ұсынады. Кен орындары үшін өндіру мерзімі ұзарту мүмкіндігін қосқанда 25 жылды құрайды», - деп атап өтті Бірінші вице-министр.
Сонымен қатар, Алик Айдарбаевтың айтуынша, ғылыми зерттеу тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындар, кадрларды оқыту, белгіленген жалдамалық ақыны төлеу, белгіленген минималды шығындарды орындау үшін жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелері бекітіледі.
Жер қойнауын пайдалану саласында иеліктен шығару немесе бақылауды ауыстыруға қатысты рұқсат беру тәртібі сақталады.