
Ағымдағы жылғы 23-25 қазанда Алматы қаласында «Ортақтаса гүлденуге ашық нарықтар» тақырыбындағы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Еуразиялық апталығы жоспарлануда. Апталық аясында 24 қазан күні түстен кейін «Риксос Алматы» қонақ үйінде ЭЫДҰ Еуразиялық бизнес форумы өтеді.
Форум мүдделі компанияларға Еуразияның 13 елі – Қазақстанның, Арменияның, Ауғанстанның, Әзербайжанның, Беларусьтің, Грузияның, Қырғызстанның, Молдованың, Монғолияның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Түрікменстанның және Украинаның мемлекеттік органдары өкілдерімен кездесуге мүмкіндік береді.
Форумды ЭЫДҰ-ның Еуразия елдері жөніндегі бөлімшесі ұйымдастырады. Іс-шара бәсекеге қабілеттілікті арттырудың, жеке секторды дамытудың және жан-жақты өсімді қамтамасыз етудің жалпы мәселелері мен озық әдістерін талқылайтың алаң болмақ. Форум бағдарламасында жедел іскерлік байланыстар орнату үшін G2B және B2B форматтарында қысқа кездесулер өтетін арнайы сессия қарастырылған.
2016 жылғы Форумға 76 компания, 9 сауда-өнеркәсіптік бірлестік және 95 жеке сектор өкілі қатысқан. ЭЫДҰ-ға мүше 10 мемлекеттің (АҚШ, Бельгия, Германия, Жапония, Испания, Италия, Нидерланд, Польша, Ұлыбритания және Франция) бизнес делегаттары Еуразия елдерінің ресми өкілдерімен 136 кездесу өткізген.
Форумға және арнайы сессияға қатысу үшін онлайн тіркелім міндетті.