«ХИМФАРМ»АҚ жылына 200 миллион таблетка шығару қуаттылығымен қатты пероральдық формадағы жаңа цехын ашу

«ХИМФАРМ»АҚ жылына 200 миллион таблетка шығару қуаттылығымен қатты пероральдық формадағы жаңа цехын ашу

2017 жылы 8 қыркүйекте Шымкент қаласында компанияның акционерлері және  Польша Үкіметінен жоғары қызметтегі қонақтардың қатысуымен «ХИМФАРМ»АҚ жылына 200 миллион таблетка шығару қуаттылығымен қатты пероральдық формадағы жаңа цехының құрылысының аяқталу және ашылу салтанаты өтті. Бұл іс шара зауыттың 135-жылдығын мейрамдау және ағымдағы жылдың қыркүйектегі Қазақстандық-Польшалық кәсіптік-форумның шеңберінде Польша Үкіметінің Президентінің Қазақстанға іс сапармен келуіне  арналған.

Жаңа өндірістің басталуы халықаралық POLPHARMA(Group) Топ – инвесторларына қойылған инвестициялық міндеттің жүзеге асыру жоспарының нәтижесі болып табылады.Осы бағдарлама шеңберінде: ампуладағы дәрілік заттардың жаңа өнімі, пакеттердегі және флакондардағы инфузиондық ерітінділері; антибиотиктер үгінділерін шығаратын екі цехы,  шикізаттарды және дайын өнімдерді сақтайтын жаңғырған қойма, ғылыми-зерттеу сынау отралықтары; сапа бақылау бөлімінің сапа бақылау зертханасы; инфраструктура; жаңа бу жіберетін қазандар орнатылған орындар салынды. Жоспарланған инвестицияның жалпы құны 2020 жылға дейін 108 млн. АҚШ долларын құрайды, оның ішінде 70 млн. АҚШ доллары игерілді.

Жаңадан ашылған цехы фармацевтикалық өнім өндірісіне қойылған халықаралық талаптарға сәйкес құрылды – заманау қондырғы жүйесінде орнатылды, жұмыскер  ең үздік POLPHARMA(Group)  Топ алаңында оқытылды.

Іс-шара әлемдегі ең ескі және ЕурАзЭҚ елдерінің ертеден келе жатқан фармацевтика өндірісі бар болып табылатын, Шымкент қаласындағы зауыттың 135-жылдығына мерекелеуге арналған. Кәсіпорын 1882 жылы қаланған, ұзақ мерзімдік даму кезеңінен өтті - Оңтүстік Қазақстан үшін цитрус жусан өсімдік шикізатынан эндемикалық өсімдік негіздегі «сантонина» препараттардың өндірісінен бастап, Кеңес Одағының фармацевтикалық зауытарына қажеттілігі үшін өсімдік шикізатынан жетекші өндірушілеріне дейін.

1993 жылдан кейін зауыт АҚ-ға айналды және жас тәуелсіз Қазақстанды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық шешім қабылдап, Республикада өндірілген дәрілік заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, дәрілік заттарды өндіруге көшті.

Бүгін зауыт – Қазақстанның ірі фармацевтикалық кәсіпорыны. Ауыр аурулар үшін әр бір үшінші дәрі және Қазақстанның медициналық мекемелеріндегі Тегін медициналық көмектің мемлекеттік көлемі шеңберіндегі терапиясын «ХИМФАРМ» АҚ өндіреді.

13,5 млн АҚШ долларын құрайтын жаңа цехтың құрылысының аяқталуы Шымкент қаласындағы инвестициялық жобаның маңызды бөлігі болып табылады.