НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ - Пандемия әлемде туристік саланы, жолаушылар тасымалы және жол, көпшілік-бұқаралық көңіл көтеру индустриясын, қызмет көрсету саласын тығырыққа тіреді. Қазақстан да одан тыс қалмады. Бірақ, пессимистік болжамдарға қарамастан, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіп пен машина жасау саласының көрсеткіштері өсім көрсетті. Экономиканың осы салаларындағы оң нәтижелерге Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та назар аударды, бұл көп жағдайда іске асырылып жатқан индустриялық саясаттың арқасында мүмкін болғанын атап өтті. Дегенмен, өңдеуші секторларда отандық бизнесті мемлекеттік қолдау өз жемісін беруде.
Біздің еліміз жаңа бесжылдықты – ҚР Индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қандай жүкпен келді? Отандық кәсіпорындар үшін мемлекеттік қолдаудың қандай шаралары қолжетімді?
Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Қолдау құралдары орталығының директоры Диас Серіков мәлім етті.
Толығырақ сілтемеде: https://www.inform.kz/