Меню

Страницы

Статья

Азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат

Еңбек қызметi және демалыс

      Шетелдiктер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттары белгiлеген негiз бен тәртiпте Қазақстан Республикасында еңбек қызметiмен шұғылдана алады. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң актiлерiмен шетелдiктердiң Қазақстан Республикасында еңбек қызметiн жүзеге асыруы жөнiндегi шектеулер белгiленуi мүмкiн.

      Шетелдiктер жекелеген қызмет орындарына тағайындала алмайды немесе еңбек қызметiнiң белгiлi бiр түрiмен, егер бұл қызмет орындарына тағайындау немесе осындай қызмет түрiмен шұғылдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығына байланысты болса, шұғылдана алмайды.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және сол сияқты мiндеткерлiкте болады.

      Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiктер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бола алады. Бұл ретте заңды тұлға құрмай, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi.

      Қазақстан Республикасында жүрген шетелдiктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негiздерде демалыс алуға құқылы.

Денсаулық сақтау

      Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ерікті медициналық сақтандыру полисі болған кезде көрсетіледі.

Әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдiктер әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты мiндеткерлiкте болады.

      Егер зейнетақы төлемдерi мен жәрдемақы тағайындау үшiн белгiлi бiр еңбек стажы талап етiлсе, шетелдiктерге Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген негiздер мен тәртiпте олардың шетелдегi жұмыс стажын есептеуге болады.

Қазақстан Республикасының аумағында жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау

      Шетелдiктер Қазақстан Республикасының шетелдiктердiң болуына рұқсат етiлген аумағында еркiн жүрiп-тұра алады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес тұрғылықты жер таңдай алады. Жүріп-тұрудағы және тұрғылықты жер таңдаудағы шектеулер, бұл мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi, халықтың денсаулығы мен адамгершiлiгiн сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болғанда Қазақстан Республикасының бұған уәкiлеттiк берiлген органдарының актiлерiмен белгiленедi.

Салықтар мен алымдар

      Егер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасындағы шетелдiктерге Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей негiзде салықтар мен алымдар салынады.

Шетелдіктердің құқықтарын қорғау

      Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер өздерiнiң мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарын қорғау үшiн сотқа және басқа мемлекеттiк органдарға өтiнiш жасауға құқылы.

      Шетелдiктер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделгеннен басқа жағдайларда, сотта Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей процессуалдық құқықтарды пайдаланады.

 

Дата публикации
09 сентября 2022
Дата обновления
09 сентября 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

14 марта 2024
Қазақстан мен Тюрингия экономикалық байланыстарын кеңейтуді жалғастыруда
14 марта 2024
Қазақстан бизнесі Немістермен серктестік байланысты арттыруға ынталы
Біз туралы БАҚ
11 марта 2024

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы