«Көмірге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұйрығының жобасы шеңберінде техникалық регламенттің реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының 27-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы), 2022 жылғы 18 сәуірде сағат 10:00-де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «Көмірге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұйрығының жобасы шеңберінде техникалық регламенттің реттеушілік әсерді талдау нәтижелері (бұдан әрі – РӘТ) орналастырылатынын хабарлайды.
РӘТ нәтижелерін қоғамдық талқылау 2022 жылғы 18-21 сәуір аралығында «on-line» режимінде өтеді.