Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50 - бабының 2-тармағына сәйкес «Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру» мемлекеттік қызметті көрсетудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
2020 жылғы 22 сәуірдегі № 219 бұйрығына (бұдан әрі-бұйрық) өзгерістер енгізілді.
Бұйрыққа өзгерістер енгізудің мақсаты 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес келтіру болып табылады.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі – 2022 жылғы 26 сәуір (ҚР НҚА Эталондық бақылау банкінде 2022 жылғы 24 ақпанда жарияланған).